Құрылтай – ортақ шешім алаңы

Құрылтай - ел тағдырына қатысты маңызды мәселелерді көпшілік талқысына салып, ортақ шешім қабылдауға арналған кеңес.

Мұнда елдің өзекті түйткілдері жеке адамның ұйғарымы емес, қоғамның беделді өкілдерінің басын қосу арқылы шешіледі. Тарихшы Қанат Базарбаев Құрылтай сайлауына қатысты осылай дейді.

Қанат Базарбаев, Тарих кафедрасының қауымдастырылған профессоры, PHD:

- Бұл мемлекет пен қоғам арасындағы диалог алаңын қалыптастыру. Мұнда ғылым мен білім, мәдениет, экономика, қоғамдық салада басқа бағыт өкілдері ел дамуына қатысты мәселелерді көтереді, ұсыныстарын білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда Ұлттық Құрылтай қоғамдағы әр түрлі пікірлер мен бастамаларды мемлекеттік деңгейде талқылауға жеткізетін маңызды қоғамдық институтқа айналады.