Құрылтай – саяси жаңғырудың жаңа кезеңі
Елдегі заң шығарушы органға Құрылтай атауын беру ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам.
Сарапшылардың айтуынша, бұл тек атаудың өзгеруі емес, өкілді органның қызметі мен саяси жүйедегі миссиясының жаңаруы. Парламент өз кезеңіндегі тарихи міндетін атқарды, ал Құрылтайға кең өкілеттік пен жаңа міндеттер жүктеліп отыр, - дейді тарихшы. Оның пікірінше, Құрылтай саяси бәсекелестікті күшейтіп, елдің әлеуметтік және экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуы тиіс.
Хазретәлі Тұрсұн, Тарих кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы:
- Көне атаулар берген мемлекеттер көп. Түркі халықтарының арасында «Құрылтай» атауы тек Қазақстанда мемлекеттік деңгейде саяси айналымға шығып отыр. Біз өзіміздің мәдени, рухани құндылықтарымызды қалай қастерлейтін болсақ, Құрылтай сияқты саяси құндылықтарымызды да құрметтеуіміз, оны нақты іске асыруымыз керек.