Жетісу облысында 468 дауыс беру учаскесі ашылды. Live

Жетісу облысында 468 дауыс беру учаскесі жұмысын бастады.

Қазір біз Талдықорған қаласының орталық алаңында орналасқан  мәдениет үйіндеміз. Оншақты минут бұрын өнер ордасында Әнұранымыз асқақта шырқалып, салтанатты жағдайда  сайлау учаскесі ашылды.

Қазір дауыс берушілердің алғашқы легі келіп, өз таңдауын жасап жатыр. Басым бөлігі мемлекеттік деңгейдегі маңызды науқанның салмағын сезінген орта және егде жастағы азаматтар. Дегенмен өзінің ұстанымын білдіруге келгендердің қатарында 18-ге жаңа толған жастар да бар. Оларға бүгін шағын тарту-таралғылар табысталып жатыр. Жалпы сайлауға байланысты аймақта 468 дауыс беру учаскесі жұмыс істеп жатыр. 

Тимур Дәуітов, Жетісу облыстық Аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлауға байланысты бүгін облыс орталығындағы қоғамдық көліктер жолаушыларды тегін  тасымалдайды. Ал «Талдықорған әуендері» ансамблі дауыс беру учаскелерінде көшпелі концерт өткізіп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлайды.

Әзірге мендегі бар мәлімет осы. Сайлау барысынан күні бойы ақпарат тарататамыз. Сондықтан құрметті көрермендер арнамыздан алыстамаңыздар.