Ақтауда егіз отбасылар өз таңдауын жасады. Live
Ақтау тұрғындары да таңсәріден бері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауын жасап жатыр.
Көпшілік арасында халықаралық деңгейдегі спорт, білім және өнер сайысында ел намысын абыроймен қорғаған азаматтар да бар. Әсіресе бір үйдің егіз қыздарына үйленген егіз жігіттер Төребек пен Жолдасбек ел назарын ерекше аударды.
Облыс бойынша 267 сайлау учаскесі сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Соның ішінде 255-сі азаматтардың тіркеу орындары бойынша, қалған 12 «уақытша» учаске емдеу мекемелері, әскери бөлімдер, мұнай және газ кен орындарында ашылды. Жалпы бүгін Маңғыстауда 457 мыңнан астам тұрғын өз таңдауын жасайды деп күтіледі. Олардың ең көбі, яғни 177 мың адам Ақтауда тұрады. Ең азы Қарақия ауданында, мұндағы сайлаушылардың саны 19 мыңнан сәл асады. Қазір біз тұрған сайлау учаскесінде дауыс бергендердің арасынан Төлепбергенұлы Төребек пен Жолдасбекті байқадық.
Бүгін аймақта 8 сall-орталық жұмыс істейді. Маңғыстаулықтар тұрғылықты мекен жайы бойынша өзінің сайлау учаскесін «Маңғыстау кэйзет» httpsailaue-mangistaukz/ интернет-ресурсы, сондай-ақ «МанСайлауБот» httpst.meman_saylaw_bot телеграм-арнасы арқылы онлайн түрде тексере алады. Сайлау барысын облыстық комиссияда тіркеуден өткен 7 қоғамдық бірлестік бақылайды. Бұдан бөлек, орталық сайлау комиссиясымен аккредиттелген 11 ұйым өкілдері де өңірде жүр.