Құрылтайға жүктелген міндет
Жаһандық бәсекелестік жағдайында мемлекеттің алдағы даму бағытын айқындау маңызды.
Осы орайда Құрылтай елдегі пісіп-жетілген мәселелерді шешіп, мемлекеттік деңгейдегі маңызды шешімдерді қабылдауға елеулі үлес қосуға тиіс, - дейді тарихшылар.
Шәкір Ибраев, Түркология ғылыми-зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері ф.ғ.д., профессор:
- Барлық саладан айналамыздағы мемлекеттермен тең дәрежеде отыруымызға ең негізгі себепкер болатын факт ол біздің интеллектуалдық деңгейіміз. ЖОО-да әлемдік стандарттарға сай білім берілуі, ғалымдарымыздың осы бағытта терең зерттеулер жүргізуі қажет екендігі өзекті. Осы мәселелерді әрі қарай дамытудың негізгі тетіктерін Құрылтайда қабылдайды деген үмітіміз бар.