Ұлытаудағы дауыс беру барысы. Live

Ұлытау облысында 138 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Электораттың шамамен 40 пайызы облыс орталығында тұрады. Жезқазғандықтар үшін 34 сайлау учаскесі жұмыс істеуде. 

Елдос Кәкенов, тілші:

- Біз Жезқазғандағы мансап орталығында орналасқан сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл облыс орталығындағы ең үлкен учаскелердің бірі. Мұнда 2 мыңнан астам сайлаушы тіркелген.

Ұлытау облысы бойынша 138 362 сайлаушы тіркелген. Оның шамамен 400-ден астамы мүгедектігі бар адамдар. Оларды учаскелерге тасымалдау үшін бірнеше инватакси жұмылдырылған. Сондай-ақ еріктілерден құрылған арнайы топ қызмет көрсетуде. Жалпы өңірде 127 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның 76-сы қалалық, қалғаны аудандық-ауылдық жерлерде орналасқан.  Аумақтық сайлау комиссиясы дауыс беру барысында әзірге ешқандай тәртіп бұзу дерегі тіркелмегенін айтты.