ОСК: 4,6 млн азамат дауыс берді

Елде осы сағатқа дейін 4 млн 670 мыңнан аса сайлаушы бюллетень алды. Демек тізімге енген азаматтардың 37 пайыздан астамы дауыс беріп үлгерді.

Дәл қазір Қызылорда, Жетісу, Түркістан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенді. Ал мегаполистер ішінде Шымкент тұрғындарының әлі де сайлау учаскелеріне ағылып жатқаны байқалады. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 14.00-де беріледі.