Халықаралық байқаушылар сайлауды бақылауда

Қазақстандағы сайлауға халықаралық бақылаушылардың қызығушылығы жоғары.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросының байқаушылар миссиясы елдің барлық өңірінде жұмыс істеп жатыр. Астанадағы №129 сайлау учаскесін аралаған бюро өкілі Пикет Винсенттің айтуынша, Миссия құрамында 200 сарапшы және шамамен 100 парламент мүшесі бар. Жалпы сайлау барысын бақылауға 300-ге жуық халықаралық өкіл жұмылдырылған.

Пикет Винсент, ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы миссиясының байқаушысы:

- Қазақстан үшін бұл маңызды сайлау екені анық. Қалада сайлаушылардың белсенділігі жоғары екенін көріп отырмыз. Байқаушылар Қазақстанның барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларында, сондай-ақ 104 ауданда мониторинг жүргізуде. Олардың қатарында еліміздің ірі елді мекендерінің барлығы қамтылған. Бұл аудандардың қатарында Қазақстандағы ең ірі елді мекендердің барлығы бар.