ОСК: 6,6 млн азамат дауыс берді
Елде осы сағатқа дейін 6 млн 696 мыңнан аса сайлаушы бюллетень алды. Демек тізімге енген азаматтардың 53,12 пайызы дауыс беріп үлгерді.
Дәл қазір Қызылорда, Абай, Қарағанды, Жетісу, Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенді. Ал мегаполистер ішінде Шымкент тұрғындарының әлі де сайлау учаскелеріне ағылып жатқаны байқалады. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16.00-де беріледі.