Сайлау барысын 2284 байқаушы қадағалауда
Жамбыл облысында Құрылтай сайлауының барысын 2284 байқаушы бақылап отыр. Олардың – 14-і халықаралық мамандар.
Байқаушылар 520 сайлау учаскесінде саяси науқанның заң талаптарына сай өтуін қадағалап жатыр. Сонымен қатар мүгедектігі бар азаматтар үшін жасалған жағдайларға да назар аударып отыр. Аймақ бойынша мүгедектігі бар 45 мыңнан аса сайлаушы тіркелген. Учаскелерде олар үшін арнайы бұрыштар жасалған. Онда 60-тан аса сурдоаудармашы мен 41 инватакси қызмет көрсетеді.
Асқар Қадырқұлов, облыстық «Дауыс» қоғамдық байқаушылар коалициясының басшысы:
- Бірқатар учаскенің бәрін сырттай араладық. Адамдар көп келіп жатыр. Әсіресе жаңа мектептердегі жаңа учаскелерді алатын болсақ, ағылып келіп жатқанын көріп отырмыз. Оның ішінде жастар да бар. Одан кейін барып, мерекелік көңіл күйде келіп, дауыстарын беріп жатыр. Заңбұзушылықтар орын алған жоқ. Қазіргі кезге дейін ешқандай заңбұзушылық болған жоқ.