ОСК Құрылтай сайлауының алдын ала нәтижесін жария етті
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы 23 тамызда өткен Құрылтай депутаттары сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елімізде дауыс беру құқығына ие 12 623 289 азамат бар. Оның ішінде 9 865 сайлаушы шетелде дауыс берген. Сайлауға барлығы 9 351 539 адам қатысып, сайлаушылардың келу көрсеткіші 74,08% болды.
Партиялар жинаған дауыс үлесі мынадай:
- «Әділет» партиясы – 6 528 948 дауыс (71,17%);
- ОСДП – 469 058 дауыс (5,11%);
- «Байтақ» партиясы – 97 751 дауыс (1,07%);
- Қазақстан Халық партиясы – 285 395 дауыс (3,11%);
- «Ауыл» партиясы – 574 621 дауыс (6,26%);
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 478 083 дауыс (5,21%);
- Respublica партиясы – 509 631 дауыс (5,56%).
Ал «Бәріне қарсы» дауыс бергендердің үлесі 2,51% болды.
Орталық сайлау комиссиясы бұл көрсеткіштердің алдын ала нәтижелер екенін атап өтті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз