Президент Жарлығымен лауазымдық тағайындаулар жасалды
Мемлекет басшысының Жарлығымен лауазымдық тағайындаулар жасалды. Ұлттық банктің төрағасы ретінде Тимур Сүлейменов орнын сақтап қалды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тізгіні де Ермек Сағымбаевтың қолында қалды. Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы Дмитрий Малахов пен Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев та лауазымдарына қайта тағайындалды.