Үкімет 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын мақұлдады
Үкімет әлеуметтік-экономикалық даму болжамын және 2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын мақұлдады.
Премьер-министр Олжас Бектенов бюджет қаражатын барынша тиімді әрі уақтылы пайдалануды қамтамасыз ету, ағымдағы шығыстардың ұлғаюына жол бермеу, сондай-ақ шығыстарға қатаң бақылау орнату өте маңызды екенін атап өтті. Қаржы және Ұлттық экономика министрліктеріне Үкімет аппаратымен бірлесіп, Құрылтайға заң жобасын енгізу тапсырылды. Үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.