Сарапшы: Қазақстан — аймақ елдеріне үлгі
Орталық Азия елдері бір палаталы парламент жүйесіне көшуге ұмтылуы тиіс.
Ал Қазақстанның саяси бастамаларынан көрші мемлекеттер үлгі алғаны абзал. Өзбекстан «Білім карвони» ағартушылық орталығының директоры, саясаттанушы Фарход Толиповтың пікірі осындай. Ол Құрылтай сайлауы Қазақстан үшін маңызды екенін атап өтті. Әрі халықтың белсенділігін жоғары бағалады. Сарапшының пікірінше, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына саяси институттар ықпал етеді. Ал әділ саяси жүйе, ел дамуына даңғыл жол ашады.
Фарход Толипов, саясаттанушы:
- Қазақстан саяси тұрғыдан Орталық Азия елдеріне үлгі көрсетіп отыр. Бұл үлкен саяси өзгеріс. Қазақстан өзінің саяси жүйесін реформалау арқылы алға қарай үлкен қадамдар жасады. Мен бір палаталы парламентті Өзбекстанға да енгізу керек деген ұстанымды айтып жүрген адамдардың бірімін. Біздің сарапшыларымыз Қазақстанның тәжірибесін зерттеп, жүзеге асыруға ұмтылады деген ойдамын.