28 тамызға дейін депутаттардың тізімі әзірленеді
Қазір бүкіл билік жүйесін және қоғамдық институттарды ауқымды жаңғырту жұмысы жүріп жатыр. Республикалық тамыз конференциясында Президент осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Құрылтай сайлауы - бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Сайлау үдерісіне дұрыс шешімдер, соның ішінде жасанды интеллект технологиясы енгізілуде. Мұндай әдіс-тәсілдер науқанның сапасын арттыра түсті. Халықаралық қауымдастық сайлау нәтижесін мойындады. Енді 28 тамызға дейін партиялар депутаттардың тізімін әзірлеуге тиіс. Осы ретте Мемлекет басшысы бұл тізімде тәжірибесі мол түрлі мамандық иелерімен қатар, саясатқа жаңадан келген азаматтар да енгенін атап өтті. Олардың қатарында қабілетті жастар, солардың ішінде Президенттің кадрлық резервінің мүшелері бар.