Қазақстан ЖИ саласында көш бастай алады

Бір палаталы Құрылтай Қазақстанда шешім қабылдау үдерісін

жеделдетіп, елдің жасанды интеллект дәуіріндегі бәсекеге қабілетін арттыра алады. Берклидегі Калифорния университетінің профессоры, Қазақстан Президентінің Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңесінің мүшесі Олаф Грот осындай пікір білдірді. 

Айтуынша, басқару жүйесін оңтайландыру жаңа технологияларды қоғам қажеттіліктеріне жылдам бейімдеуге мүмкіндік береді. Және Қазақстанның Орталық Азиядағы технологиялық көшбасшылығын нығайтуға сеп болады. Профессордың пікірінше, шетелдік инвесторлар үшін шешім қабылдау жылдамдығымен бірге ашықтық, заң үстемдігі және даулардың әділ қаралуы да маңызды бола түскен. Сондай-ақ ол Қазақстандағы саяси реформаларды батыл әрі бірегей қадам деп бағалады.

Олаф Грот, PHD, UC Berkeley Haas бизнес мектебінің практик-профессоры:

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жасанды интеллектінің дамуына үлкен серпін берді. ЖИ туралы заңның қабылдануы, дербес деректерді қорғауға, кәсіпкерлік пен білім беруді дамытуға басымдық беріліп отыр. Бұл бастамаларды тиімді жүзеге асыруда Құрылтай маңызды роль атқара алады. Парламенттік жүйенің ықшамдалуы шешім қабылдауды жеделдетіп, жаңа технологияларды тезірек игеруге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыз: