Мемлекет басшысы Словакия Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегриниді Конституция күнімен құттықтады.
Президент достық пен өзара түсіністікке негізделген Қазақстан-Словакия қарым-қатынасы алдағы уақытта да дәйекті түрде дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Петер Пеллегринидің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Словакия халқына бақ-береке тіледі.