Үкіметтің жаңа құрамы: кімдер келіп, кімдер орнында қалды?

фото: коллаж

Қазақстанда Үкіметтің жаңа құрамы жасақталды. Мемлекет басшысының 2026 жылғы 3 қыркүйектегі жарлықтарына сәйкес, Үкімет мүшелерінің басым бөлігі бұрынғы қызметтерін сақтап қалды, деп хабарлайды 24KZ.

Қызметін жалғастыратын Үкімет мүшелері:

  • Нұрлыбек Нәлібаев – Премьер-Министрдің бірінші орынбасары;
  • Ғалымжан Қойшыбаев – Премьер-Министрдің орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы;
  • Қанат Бозымбаев – Премьер-Министрдің орынбасары;
  • Серік Жұманғарин – Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі;
  • Жаслан Мәдиев – Премьер-Министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі;
  • Ержан Сәденов – Ішкі істер министрі;
  • Дәурен Қосанов – Қорғаныс министрі;
  • Айдарбек Сапаров – Ауыл шаруашылығы министрі;
  • Саясат Нұрбек – Ғылым және жоғары білім министрі;
  • Ақмарал Әлназарова – Денсаулық сақтау министрі;
  • Мәди Такиев – Қаржы министрі;
  • Арман Шаққалиев – Сауда және интеграция министрі;
  • Нұржан Нұржігітов – Су ресурстары және ирригация министрі;
  • Ербол Мырзабосынов – Туризм және спорт министрі;
  • Ерлан Сәрсембаев – Әділет министрі;
  • Ерсайын Нағаспаев – Өнеркәсіп және құрылыс министрі;
  • Ерлан Ақкенженов – Энергетика министрі;
  • Нұрлан Сауранбаев – Көлік министрі;
  • Жұлдыз Сүлейменова – Оқу-ағарту министрі;
  • Асқарбек Ертаев – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Еске сала кетейік, 2 қыркүйекте Олжас Бектенов Премьер-Министр лауазымын сақтап қалды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын мақұлдағаннан кейін Мемлекет басшысы тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Сонымен қатар Үкімет құрамында бірқатар ауыс-түйіс болды.

Арман Қырықбаев Мәдениет және ақпарат министрі болып тағайындалды. Бұл қызметті бұған дейін атқарған Аида Балаева Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болды.

Төтенше жағдайлар министрі болып Мұрат Мұханов тағайындалды. Ол бұл қызметте Шыңғыс Әріновті алмастырды.

Экология және табиғи ресурстар министрі қызметіне Әлібек Қуантыров тағайындалды. Бұған дейін ведомствоны Ерлан Нысанбаев басқарған.

Ал 2 қыркүйекте Мұхтар Тілеуберді Ермек Көшербаевтың орнына Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз: