Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды

Фото: quryltai.kz

ҚР Құрылтайының Қоғамдық қабылдауы өз жұмысын бастады. Бұл туралы Құрылтай Бюросының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды «24KZ».

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен жиында азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру тәртібі мен депутаттардың қабылдау кестесі таныстырылды.

 Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиева Қоғамдық қабылдаудың ашылуы Мемлекет басшысының «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын жүзеге асырудағы маңызды қадам екенін атап өтті.

 «Бұл азаматтармен тікелей қарым-қатынас орнатуға, олардың өтініштері мен ұсыныстарын қарауға, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің тиімді өзара байланысын нығайтуға мүмкіндік беретін алаң болмақ», – деді Динара Закиева.

 Қоғамдық қабылдауда депутаттардың азаматтарды қабылдау тәртібі әзірленіп, барлық фракциялар мен тұрақты комитеттермен келісілген. Азаматтар қабылдау кестесімен және тиісті ақпаратпен Құрылтайдың ресми сайтында таныса алады.

 Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіру Константин Авершинге, Айжан Аймағановаға және Шолпан Кариноваға жүктелмек. Оларды іріктеу кезінде кәсіби тәжірибесі ескерілген.

 Азаматтар Құрылтай депутаттарының қабылдауына бірнеше жолмен жазыла алады. Атап айтқанда, ресми сайт арқылы электронды өтініш жолдауға, жазбаша немесе қолма-қол өтініш беруге, сондай-ақ Қоғамдық қабылдауға тікелей ауызша жүгінуге болады.

 Құрылтайдың Қоғамдық қабылдауы 14 қыркүйектен бастап жұмыс істейді.

Жаңа қабылдау алаңы азаматтардың Құрылтай депутаттарымен тікелей байланыс орнатып, өздерін толғандырған мәселелер мен ұсыныстарын жеткізуіне мүмкіндік береді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: