Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты нығайтады

Фото: ҚР Құрылтайы

Қазақстан мен Сербия әскери-техникалық ынтымақтастықты кеңейтпек. Құрылтай екі ел арасындағы тиісті  келісімді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды «24KZ».

Келісімге 2023 жылғы 29 қарашада Белградта қол қойылған. Құжат қару-жарақ пен әскери техниканы өзара жеткізуге, сондай-ақ оларға қызмет көрсету мен жөндеуге мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, тараптар бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізе алады. Технологиялар трансфері, әскери-техникалық көмек көрсету, мамандар даярлау және оқыту да келісімде қарастырылған.

Қазақстан мен Сербия қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін бірлесіп сынақтан өткізуді де жоспарлап отыр. Бұл ретте екі елдің әскери инфрақұрылымы мен техникалық мүмкіндіктері ескеріледі.

Келісім Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық байланыстарды дамытуға бағытталған.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Сондай-ақ оқыңыз: