Парламентаралық ынтымақтастық: Құрылтай депутаттары Аустрия Елшісімен кездесті
Құрылтайдың Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Марат Қожаев Аустрияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андреа Бахермен кездесті, деп хабарлайды «24KZ».
Келіссөзге Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина да қатысты. Тараптар Қазақстан мен Аустрия арасындағы қарым-қатынастарды дамыту перспективаларын, соның ішінде екі ел парламенттері арасындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.
Аустрия парламентшілерінің Қазақстанға алдағы сапарына және Аустриямен ынтымақтастық жөніндегі депутаттық топ құруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы мен Парламентаралық одақ аясындағы диалогты одан әрі дамыту мәселелері қаралды.
Кездесуде өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, туризм, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту перспективалары талқыланды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз