Блиц. Халық Кеңесі ел сенімін ақтауы тиіс
Қазақстан халық кеңесі ел сенімін ақтауы тиіс.
Президент те, жұртшылықта сенім артты, деп хабарлайды 24KZ.
- Біз Қазақстан халқы ретінде ол кеңеске артатын үмітіміз өте көп. Ең бірінші Қазақстан халқының, азаматтарының жағдайын, тұрмысын жақсартуға жұмыс істейді деп соған үміттенемін.
- Бұл Халық Кеңесі кеше ғана құрылды. Үлкен үмітіміз бар. Халықтың жағдайын жасайтын заңдар шығарады деп ойлаймын. Үмітімізді ақтасын.
- Халық кеңесі қазір жаңа Конституциямызға сай заңнамалық құзіреті бар. Сондықтан ол ел пайдасына шешіліп, біздің экономикалық жағдайымызды жақсартып, елдің тәуелсіздігін нығайтып, барша еліміздің әл-ауқатын көтеретін негізгі миссиясын орындайды деп, мен сенемін.