Қ. Тоқаев: Қазақстан халқының бірлігін нығайту – өте маңызды мәселе
Қазақстан халқының бірлігін нығайту – өте маңызды мәселе.
Сондықтан Халық Кеңесі сабақтастықты сақтап, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық Құрылтайдың үздік тәжірибесін жалғастыруы қажет",- деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұл ретте Президент бүкіл жұмыстың сапасын жаңа деңгейге көтеруді тапсырды. Сондай-ақ жиында ортақ мәдени мұрамызды сақтау маңыздылығына тоқталды. Семейдегі Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық музейінде күрделі реконструкция басталды. Бұл жұмыс толықтай демеуші қаражаты есебінен атқарылады. Алдағы уақытта басқа да тарихи ескерткіштер мен музейлерді ретке келтіру көзделген. Президент Қазақстанның ауқатты азаматтарын осындай ізгі бастамаға белсенді атсалысуға шақырды.