Мемлекет басшысы Нигерия Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерияның Тәуелсіздік күніне орай Президент Бола Ахмед Тинубуға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті еліміз Нигерияны Африкадағы сенімді серіктесі ретінде қарастыратынын, сондай-ақ саяси диалогты нығайтуды және сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыруды қолдайтынын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Нигерия Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Нигерия халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Сондай-ақ оқыңыз: