Президент «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қызметін қатаң сынға алды
Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының қызметін қатаң сынға алды. Енді жауаптылар, барыс-келіс ісін ілгерлетіп, салаға серпіліс беруі қажет, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақ басшысы компанияның кірісін арттырып, цифрландыру құралдары арқылы жұмыс тиімділігін көтеруді тапсырды. Бұл жайында бүгін Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-транзит саласын дамыту мәселесіне арналған шұғыл отырысында айтты. Күн тәртібінде халықаралық көлік дәліздерін дамыту перспективасы және елдің транзит әлеуетін нығайтудың тетіктері талқыланды. Үкімет мүшелері саланың қазіргі ахуалы, жүзеге асырылып жатқан жобалар мен алдағы даму бағыттары туралы баяндама жасады. Президент ең алдымен транзиттік жүктерді өткізу мүмкіндігін арттырып, отандық әуе тасымалдаушыларға жағдай жасау және теңіз көлігін дамыту керек екенін ескертті.