Құрылтай төрағасы ТүркПА-ның Бас хатшысын қабылдады
Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Түркі мемлекеттері Парламенттік ассамблеясының Бас хатшысы Рамиль Гасанды қабылдады.
Кездесуде тараптар парламентаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады. Айбек Дәдебай тамыз айында өткен Құрылтай сайлауын бақылаған ТүркПА миссиясының жұмысына алғыс білдірді. Сондай-ақ бауырлас түркі елдерінің парламенттері арасындағы байланысты одан әрі дамыту маңызды екенін атап өтті. Рамиль Гасан Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан реформаларға жоғары баға берді. Басқосуда Қазақстанның ТүркПА-ға төрағалығының аяқталуы және қазан айында Бішкекте өтетін Ассамблеяның XV Жалпы отырысына дайындық мәселелері де сөз болды.