Вице-Президент этносаралық келісімді нығайту мәселелері жөнінде республикалық кеңес өткізді

Ақордада Вице-Президент Ерлан Қариннің төрағалығымен этносаралық келісімді одан әрі нығайту, сондай-ақ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Халық Кеңесінің алғашқы сессиясында айтқан бастамалары мен тапсырмаларын іске асыру мәселелеріне арналған республикалық жұмыс кеңесі өтті, деп хабарлайды 24KZ.

Ең алдымен, жиында Мемлекет басшысының Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясының ашылуында жүктеген міндеттерін орындау мәселелері қаралды. Ерлан Қарин қоғамда Президенттің негізгі ұстанымдарын ілгерілету бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру барысын айрықша бақылауға алу қажет екеніне назар аударды.

Бұдан кейін жиында этносаралық және конфессияаралық келісімді конституциялық құндылық ретінде орнықтыру мәселесі қаралды. Ерлан Қарин жаңа Конституция қабылданып, негізгі билік институттарының қалыптасуына байланысты заманауи әрі серпінді мемлекеттік-саяси модельге көшу үдерісі жүзеге асқанын атап өтті. Сонымен қатар кеңес барысында «Заң және Тәртіп» қағидатын, «Таза Қазақстан» жобасын, «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын жүйелі әрі нақты іске асыру мәселелеріне назар аударылды. Вице-Президент кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға өзара іс-қимылдың әлдеқайда тиімді тетігін қалыптастыру және этносаралық келісімді одан әрі нығайту үшін жұмыс тәсілдерін жетілдіруді тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыз: