«Әділет» партиясы астаналық тұрғындардың өтінішін тыңдады

«Әділет» партиясының өкілдері астаналық тұрғындардың арыз-шағымын тыңдады, деп хабарлайды 24KZ.

Оларды Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі Тілектес Адамбеков партияның Орталық аппаратының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қабылдады. Көтерілген мәселелер қатарында баспана мен жұмыспен қамту бар. Мәселен, Астананың 60 жастағы тұрғыны Бауыржан Алдабергенов жұмысқа орналасуға көмек көрсетуді сұрады. Үшінші топтағы мүгедектігі бар азаматтың айтуынша, бұған дейін ол елордадағы мектептердің бірінде шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істеген. Алайда штат қысқаруына байланысты жұмысынан айырылып отыр.

Бауыржан Алдабергенов, қала тұрғыны:

- Менің үшінші топтағы мүгедектігім бар, жасым 60-та, еңбек өтілім – 30 жыл. Зейнетке шығуыма небәрі үш жыл уақыт қалды. Алайда штат қысқаруына байланысты жұмыссыз қалдым. Енді жұмыссызбын. Мектеп басшылығына да, еңбек инспекциясына да жүгіндім, бірақ ешқандай нәтиже болмады! Үш баламыз бар, олардың біреуі асырауымызда. Мен жұмыс істеп, еліме пайдамды тигізгім келеді, мемлекеттің мойнына масыл болып отырғым келмейді. «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесі жағдайымды түсініп, жұмысқа орналасуыма көмектеседі деп үміттенемін. 

Тілектес Адамбеков, ҚР Құрылтай депутаты:

- Өзіме де қызық болып отыр неге өйтіп шығарып тыстағаны. Неге ол кісіге басқа жұмыс ұсынбағаны. Ол сұрақтардың бәрімен ұмыс істейтін боламыз. Жай ғана құзыретті органдарға ол кісілердің өтінішін жіберу емес, күнделікті жұмыста шешімін шығарып, осы кісілермен кері байланысты нығайтып, жауаптарын алып, көмегіміз тисе, осы біздің басты мақсатымыз.

Сондай-ақ оқыңыз: