Қ. Тоқаев мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияның 88-бабы, бесінші тармағына сәйкес, Премьер-министрмен және Құрылтай төрағасымен консультация өткізгеннен кейін осы Жарлыққа қол қойып отыр. Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды. Жарлық жарияланған күннен бастап қолданысқа енеді.

Сондай-ақ оқыңыз: