Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашаға тағайындалды

Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтіп, Мәслихат депутаттарының сайлауына 7 партия түсетіні хабарланды.

Аманат қатыспайды. Комиссияға партия тарапынан бұл туралы ресми хат келіп түсті. Алдағы сайлау науқанының ерекшелігі - аралас сайлау жүйесінің қолданылуында. Яғни саяси партиялар да, бір мандаттық сайлау округтері бойынша да кандидаттар қатыса алады. Өзін өзі ұсыну мүмкіндігі де бар. Үгіт-насихат 1 қараша күні сағат 18:00-де басталып, 28 қараша күні сағат 00:00-де аяқталады. Барлық 228 мәслихатқа 3 мың 447 депутат сайлау жоспарланған. 

Мұхтар Ерман, ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Мәслихаттар тиісті әкімшілік аумақтық бөліністің жалпыға бірдей тең және тікелей сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Ұсыну және өзін өзі ұсыну кезеңі 14 қазанда басталып, 27 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жалғасады. Партиялық тізімдер мен кандидаттарды тіркеу 1 қараша күні сағат 18:00-ге дейін аяқталады деп жоспарлануда.

Сондай-ақ оқыңыз: