Президент Пәкістан Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады
Қасым-Жомарт Тоқаев Пешавардағы мектеп ғимараты шатырының опырылуы салдарынан көптеген адамның қаза болуына байланысты Премьер-министр Шахбаз Шарифке көңіл айтты, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Пәкістан халқының қайғысына ортақтасып, зардап шеккен жандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.