Еуропалық сарапшылар конституциялық реформаларға баға берді

Брюссель геосаясат институтының зерттеушісі Кейт О’Риорданның пайымдауынша, конституциялық реформалар мемлекеттік басқарудың ашықтығын арттырып, Қазақстан мен еуропалық серіктестердің мүдделерін жақындастырады.

Оның ойынша, бұл өзгерістердің маңызы елдің ішкі саясатымен ғана шектелмейді. Олар Қазақстанның халықаралық аренадағы беделі мен өзге мемлекеттердің елімізге деген көзқарасына да тікелей ықпал етеді. Әлемде геосаяси тұрақсыздық күшейген тұста Қазақстан Еуропа үшін ұзақ мерзімді әрі сенімді ынтымақтастық орнатуға болатын маңызды серіктес ретіндегі орнын нығайтып келеді, дейді сарапшы.

Кейт О’риордан, Брюссель геосаясат институтының зерттеушісі:

– Меніңше, Брюссельде Қазақстандағы саяси және конституциялық реформаларға оң көзқарас қалыптасқан. Әсіресе азаматтық қоғамның ел басқару ісіндегі ролінің артуы және биліктің ашықтық пен жаңғыруға ұмтылысы тұрғысынан алып қарағанда. Бұл Еуропалық одақ үшін өте маңызды.                                                                                 

Қазақстандағы саяси өзгерістерді халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жіті бақылап отыр. Солардың бірі Брюссельде жиырма жылдан астам еңбек өтілі бар журналист Георги Готев. Ол Құрылтай сайлауының өту барысын Астанаға барып, өз көзімен көрген. Журналистің пікірінше, жаңа парламент пен үкіметтің жасақталуы елдегі тұрақтылықты нығайтуға бағытталған. 

Георги Готев, EUALIVE.NET Жалпыеуропалық медиажелісінің баспагері:

– Мақсат – елдегі тұрақтылық пен ертеңгі күнге деген сенімділікті қамтамасыз ету. Бұл бизнеске де, қоғамға да, халықаралық серіктестерге де қажет. Әлемдегі күрделі ахуал Қазақстанның бұрынғыдан да қуатты болуын талап етеді. Жүргізіліп жатқан өзгерістер елдің халықаралық аренадағы орнын нығайтып, одан әрі дамуына жол ашады деп үміттенемін.

Сондай-ақ оқыңыз: