Қ. Тоқаев семсерлесуден Әлем кубогі жеңімпаздарын құттықтады

фото: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Касабланкада өтіп жатқан семсерлесу Әлем кубогі кезеңінің жеңімпазы атанған Қазақстан құрамасын құттықтады, деп хабарлайды «24KZ» Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Осы жеңістің нәтижесінде спортшыларымыз Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) рейтингінде алғаш рет бірінші орынға шықты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар әлемнің ең айтулы додаларында Қазақстанның көк туын желбірете беруіне тілектес екенін білдірді.
 

Сондай-ақ оқыңыз: