Ереванда COP17 конференциясы өтіп жатыр
Ереванда Біріккен Ұлттар Ұйымының биоалуантүрлілік бойынша COP17 Конференциясы басталды. Армения астанасында тараптар 2022 жылы Монреальда қабылданған қаулылардың қорытындысын шығарады.
Олардың ішінде экожүйені қалпына келтіру мен қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейтуге ерекше назар аударып отыр. Бұған дейін қатысушылар 2030-шы жылға қарай қорғалатын құрлық пен теңіз көлемін 30%-ға ұлғайтуға уағдаласқан. Біріккен Ұлттар Ұйымының табиғатты қорғау мекемелерінің мәліметінше, қазір құрлықтың тек 18,5 пайызы мен мұхиттардың оннан бір бөлігі ғана қорғауға алынған. Саммит 30-шы қазанға дейін жалғасып, тараптар жұмыс жоспарын бекітеді.