Құрылтай төрағасы ТүркПА елдеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды

Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебай Түркі мемлекеттері парламенттік ассамблеясына мүше елдерді жасанды интеллект саласында күш біріктіруге шақырды, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы ол Бішкекте өткен ассамблеяның 15-ші пленарлық отырысында айтты. Жиын түркі әлеміндегі парламентаралық ынтымақтастық пен технологиялық даму мәселелеріне арналды. Кездесуде түркі мемлекеттері арасындағы қарым-қатынастың стратегиялық деңгейге көтеріліп, жан-жақты дамып келе жатқаны айтылды. Қазақстанда 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды. Құрылтай төрағасы Қазақстанның тәжірибесіне сүйене отырып, ТүркПА елдеріне ортақ Цифрлық кодекс әзірлеуді ұсынды. Құжат түркі мемлекеттерінде цифрлық құқық саласындағы ортақ ұстанымдар мен негізгі ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған.

Айбек Дәдебай, ҚР Құрылтай төрағасы:

- Жасанды интеллект пен заманауи технологиялар мәселесінің түркі әлеміне ортақ күн тәртібінде айрықша орны бар екенін де көрсетіп отыр. Осы орайда Президент Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Астана қаласында Alem.AI негізінде Түркі елдерінің IT хабтар желісін, ЖИ орталығын құру жөніндегі ба тамаларының мәні ерекше. Бұл бастамалар елдеріміздің технологиялық әлеуетін біріктіріп қана қоймай, ортақ цифрлық кожүйе қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ең бастысы мұндай тетіктер ынтымақтастықты декларативті деңгейден нақты жобалар мен практикалық нәтижелерге көшіруді қамтамасыз ететін болады.

Сондай-ақ оқыңыз: