Жайық жұртшылығы Жолдауды қолдайды

Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты бүгінгі Жолдауында Үкіметке бұрын-соңды болмаған инфрақұрылымдық жаңғыру жоспарын әзірлеу тапсырылды, деп хабарлайды 24KZ.

Осы мақсатта бүкіл ел бойынша әлеуметтік, көлік және инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу үшін таяу үш жылда Ұлттық қордан шамамен 6,5 трлн теңге бөлінетін болды. Қала ресурстарын тиімді басқару үшін Үкіметке әкімдіктермен бірлесіп, қала инфрақұрылымының цифрлық сыңарын әзірлеу тапсырылды. Жолдау жүктеген өзге де міндеттер көптің көңілінен шығып отыр.

Ербол Салықов, қоғам белсендісі:

– Көңілге жағатын, ойда жүрген көптеген мәселелер айтылды. Соның ішінде тек қала емес, әрбір аудан, ауылдық елді мекенде халыққа қажет деген әлеуметтік нысандар салынуы керек. Біз оны салуымыз керек деп, сонымен қатар халықтың тұрмысын жеңілдететін жол-көлік мәселесі, осының бәрін айта келіп, келер жылды «жалпыұлттық құрылыс жылы» деп атасақ деген ұсыныс білдірді.

Бауыржан Бектұрғанов, «Әділет» партиясы БҚОФ төрағасы:

– Президент жолдауын тыңдап, бүкіл мәселелерді айқындадық әріптестермен. Қазіргі таңда ең бастысы инфрақұрылымы, жол, газ, ғимараттар салу деген оны естідік. Жергілікті атқарушы органдармен, үкіметпен осы бірлесіп, бүкіл көрсеткен жолын, бағыттарын жұмыс жасаймыз.

Сондай-ақ оқыңыз: