«Көкшетау – Петропавл» тасжолы кеңейтіледі

Келесі жылы «Көкшетау – Петропавл» бағытындағы тасжол кеңейтіледі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды 24KZ.

Қос облысты байланыстыратын транзиттік жолдың ұзындығы – 200 шақырым. Оның 37-і шақырымы Ақмола облысының, қалғаны Солтүстік Қазақстан облысының аумағында жатыр. Бұл жолмен тәулігіне сегіз мыңға жуық көлік қатынайды. Қазір жолдың ені – шамамен 9 метр. Енді мұнда төрт жолақты жол төселіп, енін 18 метрге дейін кеңейту көзделіп отыр.

Хамзат Сұлтанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының директоры:

– Бірінші санаттағы жолды төрт жолақты етіп кеңейту жоспарланып отыр. Жұмыстарды келесі жылдан бастап қолға аламыз. Алдымен жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, қажетті есептеулерді жүргіземіз. Одан кейін құрылыс жұмыстарын бастаймыз. Қазіргі таңда бұл жолдың транзиттік маңызы зор. Өйткені ол Солтүстік Қазақстан облысы мен Ресейден келетін транзиттік көліктердің Астанаға, одан әрі Қытай бағытына қатынауына мүмкіндік беретін маңызды тасжолдардың бірі.

Сондай-ақ оқыңыз: