Президент Жолдауын тұрғындарға түсіндіру үшін 3 мыңнан астам іс-шара өтеді

«Әділет» партиясының өкілдері Президент Жолдауының басым бағыттарын тұрғындарға түсіндіріп, талқылау үшін 3 мыңнан астам іс-шара өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл жұмысқа Құрылтай депутаттары, саяси кеңестер мүшелері, өңірлік филиалдардың қызметкерлері қамтылады. Партия өкілдері əлеуметтік жəне инфрақұрылымдық нысандар құрылысын қарқынды бақылауға, азаматтардың құқығын қорғау жəне бизнеске қолдау көрсету жөніндегі заңнамалық бастамаларды əзірлеуге бейілді. Бүгін Астанада саяси бірлестік басшысы Айбек Дəдебайдың төрағалығымен өткен жиында партияның алдағы жұмыс жоспары пысықталды.

Айбек Дəдебай, «Әділет» партиясының төрағасы:

– Ең бастысы, құрылыс жұмыстары халықтың қажеттіліктеріне қарай жүргізілуі керек. Сондықтан тұрғындардың ұсыныстарын жинап, жобаларды жоспарлау және іске асыру барысында ескеруіміз керек. Сонымен қатар партия жанынан партиялық бақылау комитеті құрылып, оны өңірлік және аумақтық комиссиялар жұмысын бастады. Комитет бақылау тетіктерін нақты нысандар деңгейінде де күшейтуі тиіс. Құрылыс нысандарында партиялық бақылау бекеттерін ашып, олардың жұмысын жүйелі жолға қоюымыз керек. Бірақ құрылысқа кедергі жасамауымыз керек.

Сондай-ақ оқыңыз: