Астанада жаңа Азаматтық кодекске енетін өзгерістер талқыланды

Елде жаңа Азаматтық кодексті әзірлеу жұмысы басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Елордадағы Мақсұт Нәрікбаев атындағы университетте Құрылтай депутаттары, Әділет министрлігінің өкілдері және құқық саласының сарапшылары бас қосып, құжатқа енетін ұсыныстарды талқылады. Азаматтық кодекс цифрлық экономиканың талаптарын ескере отырып жетілдіріледі. Бизнес пен азаматтардың мүдделерін тиімді қорғайтын нормалар қажет. Цифрлық активтерді, электрондық мәмілелерді, платформалық экономиканы және жасанды интеллект технологияларын құқықтық реттеуге ерекше назар аударылады.

Дәулет Кәрібек, ҚР Құрылтайының депутаты:

- Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында осы Азаматтық кодекстің жаңаруын, халықтық конституцияға сай келтіру бойынша Үкімет пен Құрылтайға тапсырма берген болатын. Жаңа, мынау цифрландыру, азаматтардың арасындағы қарым-қатынас, оның ішінде заңды тұлғалардың арасындағы қарым-қатынас бағыттары бойынша біраз қалып кеткен, болмаса өзгерісті талап ететін жерлері бар.

Сондай-ақ оқыңыз: