Мемлекет басшысының атына Түркия Президентінен жеделхат келіп түсті
Корея Республикасына ресми сапармен аттанған Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған Қазақстанның әуе кеңістігі арқылы ұшып бара жатқанда Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнайы жеделхат жолдаған.
Түркия басшысы өз үндеуінде биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарын және Тоқаевтың Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысу үшін Анкараға барғанын жылы еске алған. Сонымен қатар Ердоған Қазақстан Президентіне зор денсаулық, ал қазақ халқына амандық пен бақ-береке тілеген. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік әріптесінің жылы лебізіне жауап қайтарып, Анкарадағы ресми сапар барысында көрсетілген қонақжайлығы үшін ризашылығын білдірді. Мемлекет басшысы бұл туралы X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.