Жолдау-2026: келесі жылы ұстаздардың жүктемесі азаяды
Елімізде әлеуметтік көмек көрсету тәртібі қайта қаралады. Қолдауды отбасының нақты жағдайы мен қажеттілігіне қарай беру көзделіп отыр, деп хабарлайды 24KZ.
Ол үшін отбасылардың тұрмыс деңгейін цифрлық деректер арқылы бағалаудың жаңа тәсілдері сыналып жатыр. Пилоттық жоба жыл соңына дейін аяқталады. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауына сәйкес, ең төменгі жалақыны 85 мың теңгеден 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланған. Емханалардағы учаскелік мамандардың да жалақысын арттыру көзделіп отыр. Оларға еңбек өтілі мен жұмыс жүктемесіне қарай қосымша ақы төленбек. Білім беру саласында да өзгерістер көп. Үкімет мұғалімдердің есеп беру жұмысын азайтуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ келер жылдың соңына дейін балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ерте анықтау тетіктері пысықталады.