Үкімет инвестициялық саясатты қайта қарайды

Елімізде инвестициялық саясат қайта қаралып, орта кәсіпкерлікке қолдау күшейеді, деп хабарлайды 24KZ.

Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты. Инвестициялық жобаларды басқару бір орталықтан жүргізіліп, цифрлық жүйе енгізілмек. Бұл мемлекеттік органдардың бірін-бірі қайталайтын жұмысын азайтып, жобаларды ортақ тәртіппен іске асыруға мүмкіндік береді. Жыл соңына дейін орта кәсіпкерлікті дамыту жоспары бекітіледі. Құжатта кәсіпорындарға ұзақ мерзімге жеңілдетілген қаржы беру және өндірісін жаңа технологиялармен жабдықтауға қолдау көрсету шаралары қамтылады.

Сондай-ақ оқыңыз: