Уран өндірісі бойынша жаңа учаскеге геологиялық барлау жоспарланған
Уран өндірісі бойынша жаңа кен орнын барлау жоспарланып отыр. Әлеуетті Қызылту учаскесінің ауданы – 124 шақырым, деп хабарлайды «24KZ».
Қазір «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы жалпы ауданы 1 мың шаршы шақырымнан асатын 6 учаскеде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған кәсіпорынның басқарма төрағасы айтты. Мейіржан Юсупов биыл Үндістан мен Қытайдың ірі энергетикалық компанияларымен табиғи уран жеткізу жөнінде жаңа келісімшарттар жасалғанын жеткізді. 2025-2034 жылдарға арналған даму стратегиясына сай алдағы жұмыс жоспарларын да таныстырды. «Қазатомөнеркәсіп» компаниясы әлеуметтік нысандар құрылысына 13 млрд теңгеден аса қаржы бөлгені туралы мәлімет берілді.