4 қарашадағы Құрылтай отырысында ветеринарлардың мәртебесін көтеру мәселесі қаралады

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы жалпы отырысының күн тәртібі нақтыланды.

Сондай-ақ комитеттердің алдына Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған тапсырмаларды жүзеге асыру бойынша бірқатар нақты міндет қойылды.

Бюро отырысында алдағы Құрылтай отырысының күн тәртібі де айқындалды. Бірінші оқылымда Ветеринария мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы қаралады. Түзетулер мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы өкілеттіктерінің ара-жігін ажыратуға, ветеринар дәрігерлердің мәртебесін көтеруге және оларды әлеуметтік қолдауға бағытталған. Саланы цифрландыруға да ерекше көңіл бөлініп отыр. Бұған қоса ветеринарлық бақылау мен биологиялық қауіпсіздік талаптарын күшейту, ветеринарлық қызмет субъектілерінің жауапкершілігін арттыру шаралары да ұсынылады.

Құрылтайдың Баспасөз қызметі

Сондай-ақ оқыңыз: