Жолдау-2026: қоғамдық бақылау – заман талабы

Президент Жолдауында азаматтық қоғамның дамуына жағдай жасалуына мән берілген. Сарапшылар осылай дейді, деп хабарлайды «24KZ».

Олардың айтуынша, «Халықтық құрылыс» жобасы аясында бой көтеретін нысандарға қоғам тарапынан бақылау орнату көзделіп отыр. Себебі бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуына мемлекет те, азаматтар да мүдделі.

Нұрдаулет Затилла, ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің жетекші сарапшысы:

– «Халықтық құрылыс» жобасы аясында бөлінген қаражатты бақылап, тексеріп отыру мақсатында мемлекеттік комиссия құру көзделген. Осы комиссия мүшелерінің қатарында белгілі қоғам қайраткерлері, журналистер және азаматтық қоғам өкілдері болады деп күтілуде. Осы барлық маман осы жоба аясында қаралатын нысандардың құрылысын және сапасын қадағалап отырады деуге болады.

Сондай-ақ оқыңыз: