Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді
6 қарашада Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді.
Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қатысады. Ақаба процесі терроризм мен экстремизмге қарсы күресте күш-жігерді үйлестіруге бағытталған маңызды халықаралық бастаманың бірі. Оны 2015 жылы Иордания Королі ұсынған. Бұл формат негізінде мемлекеттер ақпарат алмасып, қауіп-қатерлерді өзара талдап, ден қою шараларын үйлестіреді.