Шағын және орта бизнесті қолдау тетіктері талқыланды

Орта бизнеске ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс істеп, өнімдерін өткізуге кедергісіз жағдай жасау керек. Президент кезекті Жолдауында кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтуге қатысты тапсырма берген, деп хабарлайды 24KZ.

Бүгін Құрылтай депутаттары мен салалық министрлік өкілдері Мемлекет басшысы жүктеген міндеттерді орындау жолдарын талқылады. Қазір елде шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесі – 40 пайыз. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 70 пайызға жуықтаған. Енді орта бизнесті дамыту жөніндегі кешенді жоспар әзірленбек. Үкімет бұл шаруаны ширақ атқаруға кірісіп кетті. Мұнымен қоса, жиында өндірілген өнімді өткізу мәселесі де талқыланды. Халық қалаулылары өңірлердегі кәсіпкерлердің талап-тілегін жан-жақты саралау қажеттігін алға тартты. Бизнеске түсетін әкімшілік қысымды азайтып, мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүйесін қайта қарау керегі айтылды.

Нұрлан Толыбаев, ҚР Құрылтайының депутаты:

– Мемлекет басшысы өз Жолдауында кәсіпкерлер қалай дамыту бағыты бойынша атап өтті. Мұнымен қоса, жаңағы жеке кәсіпкерлер тарапынан заңбұзушылық 34 пайызға төмендепті. Айыппұлдың саны 11 пайызға өсті. Жоспардан тыс тексерудің 10 есеге асқаны белгілі болды. Соның бәрін біз қарайын деп жатырмыз.

Сондай-ақ оқыңыз: