Сарапшы: Ақаба процесі қауіпсіздік бойынша ынтымақтастықты нығайтады

Қазақстанның Ақаба процесіне қатысуы оның диалог пен бейбіт өзара іс-қимылға арналған халықаралық алаң ретіндегі позициясын нығайтады, деп хабарлайды 24KZ.

Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары осылай дейді. Бұл формат елдің көпвекторлы сыртқы саясатына сәйкес келеді және өзге өңірлердегі мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтуға жол ашады. Әсіресе тәжірибе алмасу және қауіпсіздік саласындағы жаңа сын-қатерлерге бірлесіп жауап іздеу мүмкіндігінің маңызы зор. Қазақстанның цифрландыру, жасанды интеллектіні дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өз тәжірибесі бар. Қазақстан өз жетістіктерін таныстырып қана қоймай, киберқауіптерге және интернеттегі радикалдануға қарсы іс-қимыл бойынша халықаралық тәжірибені де зерделей алады.

Мұхит Асанбаев, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ халықаралық қауіпсіздік бөлімінің бас сарапшысы:

– Жалпы біздің цифровизация саласындағы жетістіктеріміздің жаңағы жасанды интеллектпен қарым-қатынасы тығыз болғандықтан, осы мәселелер төңірегінде өрбитін көптеген қауіп-қатерлерді шешу жолдарын талқылау үшін, өзіміздің қазақстандық жаңағы тәжірибемізбен бөлісу үшін және жалпы Таяу Шығыс және басқа да елдердегі осы саладағы күрес аясында қандай жаңағы өзгерістер бар, тәжірибе алмасу бар. Қазақстанның қауіпсіздік саласындағы айтар сөзі жаңағы көрсететін жолы, алмаса беретін жаңағы өзінің тәжірибесі бар екендігінің бірден-бір айғағы.

Сондай-ақ оқыңыз: