Қ. Тоқаев: Қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау міндеті тұр

фото: akorda.kz

«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді». Осылай деген Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ тілінің өміршеңдігіне тоқталды, деп хабарлайды 24KZ.

Президент тілдің озық технологиялар саласында кеңінен қолданылып, заман талабына сай дамып келе жатқанын атап өтті. Елде сан алуан цифрлық платформалар табысты жұмыс істеп тұр. Оның бәрі қазақ тілінде қызмет көрсететін болады. Мемлекет басшысы осы ретте Open.AI, Yandeх, Google компанияларының тәжірибесін мысалға келтірді. Дегенмен алда қазақ тілінің ұлттық цифрлық деректер қорын жасақтау міндеті тұр. Мұрағат, кітапханаларда ғана сақталған қазақ тіліндегі кітаптар, мерзімді басылымдар мен аудио-бейне жазбалардың қорларын цифрлық форматқа көшіру ісін жандандыру қажет.

«Бұған қоса, инженерия, медицина, құқық, экономика, жаратылыстану ілімдерін және ақпараттық технологияларды қазақ тілінде үйренуге барынша қолайлы жағдай жасалуы керек», – деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ оқыңыз: