Ж. Қасымбек: Tarlan Astana көлік жүктемесін едәуір азайтады

Елордада Tarlan Astana желісі екінші кезеңінің құрылысы аяқталған соң көлік жүктемесі едәуір азаяды. Жолдардың өткізу қабілеті артып, кептеліс мәселесі оңалады, деп хабарлайды 24KZ.

Осылай деген қала әкімі Жеңіс Қасымбек құрылыс жұмысын барынша қысқа мерзімде әрі сапалы аяқтау үшін бар күш салынатынын жеткізіп, әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады. «Қазіргі уақытта Ш. Айтматов, Сығанақ көшелері мен Тұран даңғылындағы көлік қозғалысына қойылатын уақытша шектеулерге қатысты тұрғындардан сұрақтар түсіп жатыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік танытып, жеңіл рельсті көлік жобасының іске асуына қолдау білдірулеріңізді сұраймын», - деді ол. Қосшы қаласына қарай бағытталған жаңа желіде қозғалыс келесі жылдың соңына дейін ашылады. Бүгінге дейін Tarlan Astana желісімен жолаушылар 13,8 млн рет қатынаған.

Сондай-ақ оқыңыз: